Өлең, жыр, ақындар

Әр жерде аузын былғар

  • 30.09.2021
  • 0
  • 0
  • 352
Суырдай ыңқиттаған ін түбінен
Кісінің сақта, құдай, сімтігінен.
Мен де бір сағыныштың көз жасымын,
Үзілген қара өлеңнің кірпігінен.
Тырнадай жүнін жұлған, тыраш бала,
Тұнығын жүрегімнің ластама!
Сиырдай шалшық ішкен сасық бақай,
Жасыңнан иіскегенің шуаш қана.
Танауың қайдан сезсін гүлден иіс,
Қайырған қара торпақ күнде күйіс.
Жұлығы жұлым­
жұлым, жаман шәркей,
Жарытып берем дейсің кімге киіс?
Даланың мен бір жортқан аш бөрісі,
Тағдырдың жанға батқан тас беріші.
Күмпиген қуыс кеуде қу шығарсың,
Су тиген көн етіктей бас терісі.
Тірлігің тасбақадай тарбаңдаған,
Тасқынға түсіп кетіп тал қармаған.
Анадан сүттей таза туғанменен,
Әр жерде аузын былғар арланбаған.
Кісінің сімтігінен сақта, құдай,
Бүлдірер елдің ішін оттап ұдай.
Артыңның қандайлығы өзіңе аян,
Бетіңнің айғыз-айғыз сатпағын­ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Илеуінен ұзап шықса

  • 0
  • 0

Мейірімге жарытқанда жаратушы аз ғана,
Малта тасқа қына бітіп, шаш шығады тазға да.
Қыр желкеге қырсық мінер ел ішінде көбейсе
Телмеңдеген кәрі шал мен өңмеңдеген бозбала.

Толық

Анама

  • 0
  • 0

Болсын деп шаңырақ пен босаға аман,
Көңілін күн нұрына тосады анам.
Ошағын көсеп қойып, отыратын
Бір өмір басталардай осы арадан.

Толық

Бір жұмбақ балықшы бар

  • 0
  • 0

Тіріге жайған торы көрінбейтін,
Бір жұмбақ балықшы бар өлім дейтін.
Өлуге жаралған соң өкінбейсің,
Көр қазып, жұртың болса кебіндейтін.

Толық

Қарап көріңіз