Өлең, жыр, ақындар

Екі елге бірдей

  • 02.10.2021
  • 0
  • 0
  • 298
(Түгелбай Сыдықбековке)

Манастың ата жұртында
Өзіңсің таудай бір тұлға.
Еңіреп туған ер Түкем,
Қазақ пен қырғыз ұлтында.
Ұлылық нұры ішіңде,
Арыстан­айбат сыртыңда.
Жасыңнан түстің жасқанбай,
Тағдырың салған мың сынға.
Басыңнан талай шайқадың
Қайғының қара бұлтын да.
Қақ жарып мұздың қабатын,
Қамалдың бұздың құлпын да.
Таудағы тарғыл бұғыдай
Бір шыңнан тарттың бір шыңға.
Екі елге бірдей ес болдың,
Заманның кетпей ырқында.
Той болса төрде отырдың,
Қазақ пен қырғыз ғұрпында.
Езуден енші бердің де,
Жарты құрт тұрса ұртыңда,
Қазаққа таңдап мінгіздің
Жүйрік жүрсе жылқыңда!
Сен десе қазақ шапқылар,
Аяғы келсе сылтуға.
Атойлап шықсаң дайынбыз
Жағасын жаудың жыртуға.
Мұхаңдай ыстық құшағың
Тоңғанда бізді жылытуда.
Жасай бер, менің ер Түкем,
Тотыдай түлеп, құлпыр да!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Емес пе бәрі бірдей...

  • 0
  • 0

Көз жұмсаң ұмыт қалар пенделігің,
Емес пе бәрі бірдей көрдегінің.
Жақсының босағада бағасы кем,
Барлығы бекзат емес төрдегінің.

Толық

Табалдырық

  • 0
  • 0

Халқыма қадірменді табалдырық!
Тұрасың әр уақытта алаң қылып.
Үлкендер «Баспа!» дейді,
Аттап өтем,

Толық

Көк байрақ

  • 0
  • 1

Көк байрақ, желбіре, желбіре,
Көк аспан, мөлдіре, мөлдіре!
Қазағым кең жайып қанатын,
Құлпырды ел міне, жер міне!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар