Өлең, жыр, ақындар

Патша қызының зары

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 377
(Тұран Жолай ханның тоқалы, Қытай патшасының қызы Шаңгүлдің сіңілісіне хаты. Б.д. 589 жылы)

Таң атады, күн батады,
Өмір сырғып жатады.
Қара түнге малынады
Таңның алтын шапағы.
Көктем менен күз алмасар,
Тірлік заңы жалғасар.
Үлбіреген қызыл гүлді
Үсік шалып, қар басар.
Дүние опа таптырмайды,
Байлық мәңгі тұрмайды.
Бір күн сынар быт­-шыт болып,
Шөлмек мың күн сынбайды.
Дәурен тайса алшаң басар,
Қасыңдағы жан қашар.
Кедейшілік – қабаған ит,
Етегіңе жармасар.
Бүгін шалқып, шаттанасың,
Бал шарапқа қанасың.
Бәлкім ертең лапылдаған
Қайғы отына жанасың.
Бұлт шақырып күн ашықта,
Көкірегіңді тасытпа.
Шолжаңдаған патша қызы,
Күң боласың, асықпа!
Ақ орданың еркесі едім,
Ақ мамықтан төсегім.
Мүсәпірмін енді, міне,
Көрген түстей кешегім.
Жақындайды кім қасыма,
Қарап көздің жасына?
Жылай­-жылай қырау түсті
Мақпал қара шашыма.
Не келмейді қыз басына,
Мені көрсең шошыма.
Тулап жығып, тастап кетер,
Асау тағдыр осы да...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ тілек

  • 0
  • 0

Мен тағы алға жылжыдым,
Кел тағы, Жаңа бір жылым!
Тәуелсіз елмін Ту алған,
Қолымда тізгін­-шылбырым!

Толық

Естайды еске алу

  • 0
  • 0

Қорландай асыл жарды арман еткен,
Аһ ұрып, ақын Естай зарлап өткен.
Қабағы тас түйілген тағдыр барда,
Қай кезде дегеніне пенде жеткен?

Толық

Әбіштің Шұғамен қоштасуы

  • 0
  • 0

Шұғажан, қош, аман бол оралғанша,
Қапыда кетіп барап, амал қанша?
Алысар арпалысып сүйген жүрек,
Түнекке мәңгі­-бақи қамалғанша.

Толық

Қарап көріңіз