Өлең, жыр, ақындар

Бақыт босағасы

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 374
Астана нұрға бөлеп шартарапты,
Қанатын қуаныштың серпе қақты.
Елорда босағасын биіктетіп,
Орнаттық алып қақпа салтанатты.
Қайтеміз қозғай беріп шерлі күнді,
Жырлаймын ғажайыпты мен бүгінгі.
Ат басын тірегендер бұдан былай,
Қақпама қарап таныр Елдігімді.
Талайлар маңдайшасын көргеннен­ақ,
Мәңгілік ел болуды армандамақ.
Алдымен босағама тәжім етер,
Төріме шығу үшін келген қонақ.
Жарасар күндіз-түні жырласа да,
Әр жылын Бостандықтың мыңға сана.
Бабам да, Алашым да жете алмаған,
Бақыттың босағасы – бұл босаға!
Қалдырған кемеңгерлер елге өсиет,
Қақпада құдіретті бар қасиет.
Қарсы алар келер ұрпақ керуенін,
Маңдайын жарқыраған таңға сүйеп.
Бірлігін берекемен құндақтаған,
Қазақпыз жүрегінде зіл жатпаған.
Сап түзеп, шеру тартып салтанатпен,
Ғасырлар өтеді әлі бұл қақпадан!
Еңсесі биік елдің иық керген,
Қашанда босағасы биік келген!
Тәуелсіз туған Отан жарқырайды,
Ақордам ақ сәулесін құйып төрден!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойға батып...

  • 0
  • 0

Білем де тірліктің бір тоқырарын,
Опынып ойға батып отырамын;
Қойылар қандай күйде құлпытасым,
Бұйырар қай қиырдан топырағым?

Толық

Бой сала биіктейді

  • 0
  • 0

Әркім де өрмелейді тауға қарай,
Тізгінін ұстата ма арман оңай?
Шығатын өздігінен өрге кім бар,
Қарманып, әр бұтадан саумаламай?

Толық

Ән­-домбыра

  • 0
  • 0

Саған ғана жан сырымды ашайын,
Саған ғана маржанымды шашайын.
Қосыл кәне әуеніме, домбыра,
Қоңыр кеште қоңыр әнге басайын.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар