Өлең, жыр, ақындар

Қасқырдың бөлтіріктері

  • 10.10.2021
  • 1
  • 0
  • 4068
Жолаушы ма?
Кезіп жүрген малшы ма?
Жәй кезбе ме?
Әлде жүрген аңшы ма?
Сұлап жатқан көріп қалды қасқырды,
Дұрысын айтсақ,
Арланы емес,
Қанышығын
Жортып өскен тағы түздің тағы аңы
Жатыр екен жосадай боп тамағы.
Күрең қызыл,
Ұйып қалған қақ болып
Қалың шөпке,
Боз жусанға қаны ағып
Кім кінәлі?
Айуандар ма?
Аңшы ма?
Кім өлтірді оны ұрып соншама?
Аш күшіктер таласып кеп емеді
Ақ емшекті бөккен қызыл тамшыға.
Жақын түгіл аяр еді жат тегі,
Оянбайтын бір ұйқыға батты өлік
Жарақаттың аузын ашып күшіктер,
Шешесінің жылы қанын жатты еміп.
Бірте-бірте мұзға айналып от дене
Көкжал дәурен өтті бастан Әттеген!
Қанмен бірге күшіктердің бойына
Сіңе берді ашу-ыза, кек деген.
Әлгі кісі кезіп жүрген қиянды
Қас жауы екен қасқырлардың зиянды.
Бірақ та ол Анасынан айырылған
Жетімдерді Өлтіруге ұялды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Асау үйрету

  • 1
  • 0

Көтеріп атқа қондырдың,
Ат емес –
Алау.
Бүлік бір.

Толық

Арғымақ

  • 0
  • 0

Қыпшақтардың ой-хой құба жондары-ай,
Жер тарпыған тұлпарын айт, тұлпарын!
Шарайнадай сауырына қомдап ай,
Арғымақ жүр

Толық

Махамбетке

  • 0
  • 0

Сен қаласаң,
От демеймін отыңды.
Отқа кесіп лақтырамын етімді.
Арманымдай аяулы тал боп шығар,

Толық

Қарап көріңіз