Өлең, жыр, ақындар

Ассалаумағалейкум, аппақ әлем!

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 624
(Зайсанда жер сілкінген жылы Жаңа жылды қарсы алу)

Қаншама армандарды қудым аңсап,
Тынбастан жүрегімде бұлбұл ән сап.
Баяғы танысымдай сәлемдесіп,
Тағы да тұрмын Жаңа жылды қарсы ап.
Бояулар жанарымда сан алмасып,
Маусымдар өте шықты амандасып.
Қоштасып бір көктемім тағы кетті,
Күндермен тартыса алмай табандасып.
Бір жазым сәл аялдап, ол да тайды,
Болдыртқан бозбаладай жорға тайды.
Тағы бір күзім өтті көңілсіздеу,
Байқаймын, бұрынғыдан жел қатайды.
Келеді енді қаңтар, ақпан бұрқап,
Жайымен желтоқсанды аттандырсақ.
Қатулы қыс қабағы жадырар ма,
Азырақ шампан атып шаттандырсақ?
Жадырар қыс қабағы, жадырамас,
Қар кетер, қайта көктер қалың ағаш.
Жасанды шаттық кімге жарасады,
Менің де жеңіл күлкі жаныма қас.
Уақыттың екі айтылмас жарлығы ерен,
Талай той, талай думан қалды менен.
Жатқанда жер сілкініп,
Ел түршігіп,
Ақындар аза тұтар алдыменен.
Кешіргей Жаңа жылым – жаңа күнім,
Кейпі бар көңілімде қаралының.
Жарылған жер жаралы,
Ел жаралы,
Мен­-дағы жаралымын, жаралымын...
Азаптың ызғарына кім шыдаған,
Сеземін үскірігін шымшылаған.
Шетеннің шеттеу біткен бұтағы едім,
Өтінде көк дауылдың тыншымаған.
Төгілген таңдайынан мөлдір әні,
Емессің, аппақ әлем, сен кінәлі.
Жасырмай жанға батқан мұңымды айттым,
Тұнжырап табыспайық ендігі әрі!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ән­-домбыра

  • 0
  • 0

Саған ғана жан сырымды ашайын,
Саған ғана маржанымды шашайын.
Қосыл кәне әуеніме, домбыра,
Қоңыр кеште қоңыр әнге басайын.

Толық

Мұқағали – желтоқсан

  • 0
  • 0

...Шама жоқ Жаратқанмен таласатын,
Қарсы алар жiберсе де ғарасатын.
Есiгiн екi дүние кезек ашып,
Кезiп жүр кең жаhанды елес-ақын.

Толық

Көне қорғаннан табылған тас босағадағы жазу

  • 0
  • 0

Ей, жолаушы, жолың болсын әлдеқайда асыққан,
Сыңайың бар суыт жүріп, келе жатқан қашықтан.
Жортқан жанға бұйырады түзден ғана ырыздық,
Сәл аялдап, дәм татып кет мынау қара лашықтан.

Толық

Қарап көріңіз