Өлең, жыр, ақындар

Еске түсірейікші

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1758
Тұнжырап жүруші еді дана жүздер,
(Қасірет көңілдерге салады іздер).
Қайысты қабырғасы қалың елдің,
Соларды көріп өскен бала - біздер.
Батысқа қариялар құлақ түріп,
Сұм соғыс сөндірді сан шырақты үріп.
Бір жесір бір жесірге көңіл айтты,
Қайғыдан өзі егіле жылап тұрып.
Оқудан кеш қалғанын сезіп кей күн,
(Ол кезде «Әліппе» көп кезікпейтін).
Сандықтан әке хатын алып шығып,
Көз ілмей әпкем таңға ежіктейтін.
Бәрі есте: көзден талай жас парлатып,
Өстік қой қиындыққа жастан қатып.
Пір тұтсақ сол кез дәннің бір түйірін,
Жүрміз-ау қазір нанды аспанға атып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазмыш

  • 0
  • 0

Басыма үйіп-төгіп нала-мұңды,
Тұқырта берді тағдыр талабымды.
Жүрсе де көңілімнің күйі келмей,
Қайтадан алдым қолға қаламымды.

Толық

Түс екеш...

  • 0
  • 0

Қос жанар сурет түсіріп,
Көңілім бәрін қаттайды.
Ой - қазан өлең пісіріп,
Сарқылдап, тағат таппайды.

Толық

Бұл тірлікте

  • 0
  • 0

Бұл тірлікте басу үшін алға нық,
Жүру керек оң-солыңды қарманып.
Сын көзімен қарамасаң ортақа,
Сан соғарсың, талай-талай алданып.

Толық

Қарап көріңіз