Өлең, жыр, ақындар

Мамыр дала

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 629
Мақпалдай желі майда мамыр далам,
Қазақта кім бар сені сағынбаған?
Шалқытып көк аспанның аясында,
Өзіңді сыйға тартқан Тәңір маған.

Қайырмасы:
Көңілімнің шуағысың,
Көзімнің шырағысың.
Өзіңсің таусылмайтын қуанышым,
Байтағым, барым сенсің маңдайдағы!

Кең дала, көкжиегі тарылмаған,
Армансыз арғымағы арындаған.
Мен сенің бозторғайың емес пе едім,
Үстінде боз жусанның дамылдаған.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тайжақы киген жоқ едім

  • 0
  • 0

Тайжақы киген жоқ едім,
Тастадым тайға бұғалық.
Бозбалалықты жебедім,
Бойымды билеп бұлалық.

Толық

Тағдыр

  • 0
  • 0

Көшеден кезіктірдім бір бұралқы,
Соншалық аянышты мұңлы қалпы.
Көңілім алай­-дүлей бола қалды,
Боранға айналғандай күннің арты.

Толық

Бой сала биіктейді

  • 0
  • 0

Әркім де өрмелейді тауға қарай,
Тізгінін ұстата ма арман оңай?
Шығатын өздігінен өрге кім бар,
Қарманып, әр бұтадан саумаламай?

Толық

Қарап көріңіз