Өлең, жыр, ақындар

Сағындырған көктем

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 651
Балғын гүлдей жайнап,
Бақыт жырын тойлап,
Арман нұрын аңсап құшқандай.
Бірге жүрдік нәзік
Қанаттарын жазып,
Қарлығаштар қалқып ұшқандай.

Қайырмасы:
Тұнып жатқан балдай,
Күлім қаққан таңдай,
Мына өмірге қандай
Ғашық едім бала кезімде.
Махаббатым менің,
Қалып қойды сенің,
Мөлдіреген қара көзіңде.

Сағым болып кеткен,
Сағындырған көктем,
Оралмайсың қайта біздерге.
Шөліркеген жүрек,
Шаршағанда жүдеп,
Бір өзіңнен тірек іздеуде.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шағала

  • 0
  • 0

Шағала, аппақ шағала,
Кездестік тағы жағада.
Былтырғы жаздан белгі жоқ,
Сәулесі ғана санада.

Толық

Уақыттың бабын таппай

  • 0
  • 0

Заманның сиқын кеше күлкі етіп ем,
Шошиын дедім бүгін сүрпетінен.
Сілкініп жүре берді шыр айналам,
Сәл ғана сынған шидей сырт етіп ем.

Толық

Әлқисса

  • 0
  • 0

Басынан көне тарих төмен құлдап,
Тағдырын туған елдің келем жырлап.
Өзегім талып жеткен Тәуелсіздік,
Өмірде не бар екен сенен қымбат!?

Толық

Қарап көріңіз