Өлең, жыр, ақындар

Ән­-дәурен

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 566
Қайдасың, балауса күн – балғын шағым,
Келтірген аққу-қаздай көлдің сәнін.
Ұшсам да қанат байлап көңіліме,
Бұл күнде жеткізбейтін болдың сағым.

Қайырмасы:
Бал дәурен,
Ән­-дәурен,
Сал-дәурен, сені аңсадым.

Дүние көкжиегі кең ашылған,
Талайды бұлдыратып бел асырған..
Бермейді жанға маза асау жүрек,
Кеудемде күндіз-түні аласұрған.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елестейді көзіме

  • 0
  • 0

Төрт түлігім дін аман, сау тұрғанда,
Тіске басар талшығым таусылған ба?
Төлдерімді сақтай гөр, киелі ата,
Топалаңнан, түйнектен, аусылдан да.

Толық

Достар-ай!

  • 0
  • 0

Бұлтарып бұлаңдаса түлкі заман,
Сүрінбей өтем деме бір күн одан, достар-ай!
Сендерсің базарым да, байлығым да,
Табысып тай­-құлындай шұрқыраған, достар-ай!

Толық

Бір құдайға белгілі

  • 0
  • 0

Залалы жоқ иненің жасуындай,
Заман қайда тауымның асуындай?
Суыртпақтап сұрасаң тарқатайын,
Жасырып ем сырымды жасырудай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар