Өлең, жыр, ақындар

Айттым сәлем сағынып

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 414
Айдың жүзі,
Күннің көзі
Ақ шуағын шашқанда;
Дүние балқып,
Көңіл шалқып,
Гүлдер көзін ашқанда;
Самал есіп,
Сағым көшіп,
Сарғая бір тосқанда;
Жаным шөлдеп,
Көрінсең деп,
Сені жырға қосқанда.

Қайырмасы:
Келші жайнап,
Желмен ойнап,
Гүлден алқа тағынып.
Жарқын жаздан,
Аққу-қаздан
Айттым сәлем сағынып.

Айдың жүзі,
Күннің көзі
Жарқыраған жалғанда,
Сенетұғын,
Келетұғын
Сенен басқа жан бар ма?
Төгілдіріп,
Егілдіріп,
Құстар әнге салғанда,
Өзіңді аңсап,
Мөлдір моншақ,
Қара көзден тамғанда.

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ бесік

  • 0
  • 0

Тербелесің тынымсыз, тербелесің,
Тербетумен өмірді сен келесің, ақ бесік.
Сылдырмаққа айналып ай мен жұлдыз,
Күннің өзі үстіңде дөңгелесін, ақ бесік!

Толық

Саятта

  • 0
  • 0

Түлкідей мына заман бұлаңдадың,
Қайдасың, қағып түсер қырандарым!?
Қылыштай қанатымды көкке сермеп,
Менің де биік шырқау бір арманым.

Толық

Ауырғанда

  • 0
  • 0

Мазам кетіп барады, мазам кетіп,
Мазақ етіп жүре ме қазам жетіп?
Тым болмаса жабдығым түгел емес,
Табақ тесік, қасық кем, қазан кетік.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар