Өлең, жыр, ақындар

Өсиеті анамның

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 881
Айтқаны қызық анамның,
Әр сөзі – мәңгі өсиет.
– Қасиетті адамның
Досы боп өту – қасиет.
Аңдап бассаң сақ жүріп,
Аллаға жетер арызың.
Жақсылыққа – жақсылық, –
Деп еді, – ең зор парызың.
Сүрінсең өтер қарамай,
Жолама жалтақ борқаға.
Адал достан аямай,
Барыңды төгілт ортаға.
Дақ салма сыйлы көңілге,
Желікпе дұшпан желдесе.
Дым бітпейді өмірде,
Ашуды ақыл жеңбесе.
Жабылып қалған түндіктей,
Тоғандай көрме ойыңды.
Бәйгеге түсер жүйріктей
Жараулы сақта бойыңды.
Тұғырға сеніп жүрсең де,
Құзырға құлаш сермеп қой.
Біреуге ойнап­күлсең де,
Болмауды күлкі зерлеп қой.
Кездесер тайғақ жол талай,
Тайсалмай өрге бар, жаным.
Бер жағын ғана барламай,
Байқап қал таудың ар жағын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шексіздік

  • 0
  • 0

Мұнары шексіз
Тұманы кетпес даланың,
Қиялы шексіз
Зиялы туған дананың.

Толық

Ашаршылық құрбандарына ескерткіш ашылғанда

  • 0
  • 0

Жек көру туар ызадан,
Ұмытпас мұңын бұл адам.
Сыр білдірмей талай жыл,
Ішімнен ғана жылағам.

Толық

Сен едің ғой...

  • 0
  • 0

Ауыл жаққа құстай ұшып асығам,
Көрсем деймін ақ қайыңдар қасынан.
Сен едің ғой ақ дидарың аңсатып,
Екі көзге көктен жұлдыз тасыған.

Толық

Қарап көріңіз