Өлең, жыр, ақындар

Түн бойы ысып-өртенем

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 263
Түн бойы ысып-өртенем,
Таппадым соның бір емін.
Оянсам таңда ертемен,
Тұрады ауырып жүрегім.
Шағынам несін досқа мен,
Жүрегімді айтып шаншыған.
Үйренген таңдап ескі әуен
Еңсені езіп жаншыған.
Кешігіп күнім сағынған,
Тонатып ойға күлкіні,
Шаршай ма әлде соғудан
Дамылсыз жүрек күн-түні...
Өтуде өмір өзгерген,
Сырт көзге шапқан аттаймын.
Сөздерден, оқты көздерден
Жүрегімді қайтсем сақтаймын?
Тағдырға қандай кез келгем,
Ешкімге ұнап, жақпаймын.
Сөздерден небір көздерден
Оқ тиген жапырақтаймын!..
Келемін күй ап күнімнен,
Сәттерде толқып, дір еткен.
Құлайтын сияқтымын мен
Аяқтан емес, жүректен!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арман атты мен білетін бір ән бар

  • 0
  • 0

Арман атты мен білетін бір ән бар,
Айтар оны орман, таудан сұраңдар.
Айтар оны, қайталаумен тек қана,
Қанатының екпінімен қырандар!

Толық

Адаммын екі аяқты, періште емен

  • 0
  • 0

Адаммын екі аяқты, періште емен,
Кезім көп келісіп те, келіспеген.
Асырып айла-күшті қадам сайын,
Жүргем жоқ ие болып жеңіске мен.

Толық

Кейде көктем, қыс кейде

  • 0
  • 0

Кейде көктем, қыс кейде,
Оралмайды кешегің.
Шын махаббат түс бейне,
Сипап қалар төсегін.

Толық

Қарап көріңіз