Өлең, жыр, ақындар

Айналды ма бір кезгі сағымға арман

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 279
Айналды ма бір кезгі сағымға арман,
Күрсінесің жастықты сағынғаннан.
Қатыгезді көрмедім уақыттай
Бойыңнан күш, жүректен жалынды алған.
Нелер қалды есімде елес күннен,
Еміс-еміс елестің желі естілген.
Уақыт қатал бір кезгі сұлу қызды
Сұлу емес қызбенен теңестірген...
Майдан ашып бір ойлар бір ойменен,
Тығырыққа өзімді тірей берем.
Уақыт бітіп дүниеден аттануға
Санаулы сәт қалғандай үрейленем.
Қайда қалды сол жігіт гүл ұсынған,
Айнымаған досымнан, туысымнан.
Уақыт – тұлпар өкінем жұлқынғанда,
Шығарып ап шылбырын уысымнан.
Барар жерім секілді жақын қалған,
Ақырғы дем боп шығар ақырғы арман.
Қатыгезді көрмедім уақыттай
Жүзіңнен һәм жүректен отыңды алған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойым орман, оранған үміт сағым

  • 0
  • 0

Ойым орман, оранған үміт сағым,
Тентек сезім қайда сол тұнық шағым.
Жанарына әр жанның жаутаңдайды,
Бала мінез баяғы «ұмытшағың».

Толық

Кешегі таң, кешегі күн, бәрі-бәрі кешегі

  • 0
  • 0

Кешегі таң, кешегі күн, бәрі-бәрі кешегі,
Кешке жетпей жіңішкеріп, жанған үміт өшеді.
Түні бойы дауыл ұрған теңіздегі толқындай
Сықырлайды тыншу таппай сағыныштың төсегі...

Толық

Мен өмірде көп нәрсемді жоғалттым

  • 0
  • 0

Мен өмірде көп нәрсемді жоғалттым,
Жас күнімді, мас күнімді баянды.
Жылағанмын бақытымды тонап түн,
Жылдарымды тоқтата алмай аяулы.

Толық

Қарап көріңіз