Өлең, жыр, ақындар

Сабыр қайда, япыр-ау, тыншу қайда

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 258
Сабыр қайда, япыр-ау, тыншу қайда,
Көңіл көгі ұқсайды мұңшыл айға.
Тірлігімнің келемін тілін таппай,
Бал сұрай ма, білмеймін, су сұрай ма?
Тұншығамын тыншымай, сабыр қайда,
Асау көңіл аспандап, жалындай ма?
Сабыр тауып бұл жаным дамылдай ма,
Маза берер емес бір дауыл бойға.
Шықпай жүрген булығып күй бар менде,
Ұйқы бермей, үрлеп от, қинар кеуде.
Түсінбеймін, мен неге сыймай жүрем,
Айқай-шусыз осы жұрт сыйған жерге...
Өзімнен бе, білмеймін, сөзімнен бе,
Жоқ сияқты жазығым сезінгенге.
Пана болмай барады боз қурайлы,
Бозарған бел боздаған бозінгенге...
Сөзімнен бе, кінәсыз көзімнен бе,
Қарсы тұрар бойдағы төзім кем бе?
Өлең келіп тұрады, теріс қарап
Бәрі менен пенденің безінгенде...
Істей алмай істерді жұрт істеген,
Пәк жанымды қорғадым кір түспеген.
Ұқсап тұрам сол кезде, орнын тауып
Қаланбаған басы артық кірпішке мен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алға қарай асығып сұңқар уақыт

  • 0
  • 0

Алға қарай асығып сұңқар уақыт,
Жыр саулатып барады, шырқауға тік.
Алтын шұғыла таратып қанаттары,
Жерді туып келеді күн толғатып.

Толық

Бір кезде асып тасқан жел көңілмен

  • 0
  • 0

Бір кезде асып тасқан жел көңілмен,
Бетпе бет келген аяр енді өмірмен?
Қарағым маған аңдып қарамағын,
Жер басқан қатардағы пендемін мен.

Толық

Келеді досым, ұғар күн

  • 0
  • 0

Келеді досым, ұғар күн,
Ертеңге елтіп, сенем мен.
Күреске солай, шығармын,
Қауырсын қанат өлеңмен.

Толық

Қарап көріңіз