Өлең, жыр, ақындар

Бір кезде асып тасқан жел көңілмен

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 345
Бір кезде асып тасқан жел көңілмен,
Бетпе бет келген аяр енді өмірмен?
Қарағым маған аңдып қарамағын,
Жер басқан қатардағы пендемін мен.
Адамзат жүріп жатыр ағысы әлі,
Жабайы, қайта оралып тағы, шағы.
Қуаныш қасіреті жер бетінің,
Кеудемде соғысады, тоғысады.
Дүние дақпырт пенен дүрмекке кең,
Бір-бірін алдап күлу, құрмет пе екен?
Өмірдің неше түрлі сұмдығынан,
Кейде бір қара жердей кірлеп кетем.
Көз бе екен, қыран құсты құмай көрген,
Құласа, ессізге бақ құлай берген.
Қаптаған жердің бетін көлеңкелер,
Өз-өзін былай көрген, құдай көрген.
Бір жауап таба алмадым мың ойланып,
(Аққан соң, өмір-өзен лайланып)
Пәктігім періште құс сияқтанып,
Ұшып жүр көк аспанда шыр айналып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайда сол, көктем гүлі?

  • 0
  • 0

Елеске елегізіп, елең еттім,
Мен саған өмір жайлы не демекпін?
Қайда сол?
көктем гүлі, өткен күнім,

Толық

Жалғыз қайық

  • 0
  • 0

Қамшылаған өкпек желдің өтінде
Жағалауға шағала боп жетуге
Жалғыз қайық келе жатыр қалтылдап
Көкшіл шәйі, бұйра толқын бетінде...

Толық

Сәби дауысы

  • 0
  • 0

Қысыла ма, кім білсін жас жүрегі,
Орындалмай ойдағы еш тілегі.
Түн ішінде көрші үйден іңгәлаған
Нәрестенің дауысы естіледі.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер