Өлең, жыр, ақындар

О, көктем, келдім саған барымды алып

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 354
О, көктем, келдім саған барымды алып,
Өзің біл, өте шықсаң сағымданып.
Үміттің жиырма бесте жансам деген,
Отыз бес, бересің бе шамын жағып?
Кетпейтін қайда жүрсем ырғағы естен,
Отыз бес, қоңыр жел ме ең қырдан ескен.
Өрінен өткен күннің қол бұлғайды,
Қия алмай жастық шағын бір нәресте4.
Қайнаған ішім теңіз, үстім көбік
Уақыттың кірпігінен түстім бе еріп.
Бір сезім бір өмірге қанат жайды,
Көгінде көңілдердің ұшқым келіп.
Өмірдің қоңыраулатып отыз көшін,
Жылдарым жырларымнан от үзбесін.
Жұртыңа тастап мені барасың-ау,
Көктемім – құс қанатты отыз бесім.
Ей, күнім, бұр бетіңді, бір қарайын,
Көзіңпен тамшы болып сырғанайын.
Ыстық, кең туған елдің құшағында
Мәңгілік нәрестең боп іңгалайын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған үйім, аңсап келдім тұрағым

  • 0
  • 0

Туған үйім, аңсап келдім тұрағым,
Жетпей жүрсе, шалғай жақтан бір әнім.
Орыныңды әрең тауып, жер болған,
Жұртыңда мен отыра қап, жыладым...

Толық

Қайың жасы

  • 0
  • 0

Түпсіз аспан қабағымен тұнжырап,
Бұтақтары бір түзеліп, бір құлап,
Жылмен келер жоқтап әнші бұлбұлын,
Жел өтінде жалғыз қайың тұр жылап.

Толық

Қайрау жыры

  • 0
  • 0

Қаламыңды қолыңа ал, бол, тұр, ақын,
Шағың сенің қырандай шарқ ұратын.
Қиялыңа қанат боп қозғау салар
Ыстық сезім, бойдағы салқын ақыл...

Толық

Қарап көріңіз