Өлең, жыр, ақындар

Арманыма алдағы жол ашқандай

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 302
Арманыма алдағы жол ашқандай,
Талғамыңа таласым жоқ ешқандай.
Менің жыртық көңіліме жарық құйдың,
Жыртық бұлттан көрінген көк аспандай...
Жолға шыққым келмейді сені еске алмай,
Биік қандай, білесің, белес қандай.
Өзіңе ұқсап, басқалар ақылына
Таңдандыра алмайды мені ешқандай.
Жалған жүрек бір кезде суынар ма,
Жылынар ма мұң қосып мұңы барға.
От ойнайды ішімде шың басынан
Түскен сәуле сияқты шыңырауға...
Тұла бойым көктемде тұрады еріп,
Бара жатыр толқынын бұлақ өріп.
Менің жаным жерге ұқсас, түскен дәнің
Күні туса, жарыққа шығады өніп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлбұл сыры

  • 0
  • 0

Білмеймін, не сыйлайды тағдыр-бүркіт,
Жанары жапырақтың жаңбыр бүркіп.
Қуанып шыққанына таңғы күннің,
Сайраймын сазды әнімді сан құбылтып.

Толық

Биші атқа

  • 0
  • 0

Құлағыңды көтересің қас-қағып,
Қос жұлдыздың тамшылары тасқа ағып
Жыландай жүз иірілген бишіктен,
Биші болған жануар-ай, жасқанып...

Толық

Аспан тұман, жер дымқыл

  • 0
  • 0

Аспан тұман, жер дымқыл,
Шығар екен күн қашан.
Кеудемдегі көл күлкім,
Тартылыпты, тыңдасам.

Толық

Қарап көріңіз