Өлең, жыр, ақындар

Сағынбаймын бұрынғыдай елеңдеп

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 418
Сағынбаймын бұрынғыдай елеңдеп,
Сауықтырмас өлең енді мені емдеп.
Жол үстінде жарығым бар көрем деп,
Адасыппын сол жарыққа сенем деп.
Сенгендіктен сөзден, көзден қызғандым,
Бір бармадым, өз алдыңа жүз бардым.
Бұл да менің ерлігім деп күлерсің
Қызық көріп арбалғанын қыздардың...
Сырласпайсың, сыр ашпады күн түнге,
Бір өзіңсіз бүтін шықпас күлкім де.
Айтшы, жаным, сүйген жанды жазықсыз
Жазалауың, кінәлауың мүмкін бе?
«Сүйем» деген дәрменсіздеу сөз бүгін,
Төктім саған таңғы күннің көз нұрын.
Мәңгілікке сапар шегіп барамын,
Бастан кешіп «жүректің төрт мезгілін»...
Сен аман бол, асқар шыңым, көз ілме,
Сен берілме, мен берілген сезімге.
Бақытымдай күліп тұрып қарсы алам
Азабыңның, мазағыңның өзін де...
Барып-барып басыламын тасып көп,
Көкірегімнен көгілдір бір ашып көк.
Басайын деп от-жалынын жүректің,
Қалдым ба екен суық шыңға ғашық боп!
Сырласпайсың, сөйлеспейсің кеп тілге,
Өтіп барам белгі қоймай көп күнге.
Өзіңді ойлап көп жылаған көзімнің
Жастарымен бірге ағып кеттің бе?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамшылар

  • 0
  • 0

Ақталып қашанғы арман, қашанғы үміт,
Көзіне сұлу қыздың жас алдырып.
Жығылмай көкке шаншып секіргенде,
Асауды үйретер тек асау жігіт.

Толық

Киіктің көзінде

  • 0
  • 0

Көңілсіз көп күндерім өтер енді,
Жазықсыз бір сұлулық бекер өлді.
Сақталған музейдегі сұр киіктің
Көзіне көзім түсіп кете берді...

Толық

Иесіз кеме

  • 0
  • 0

Тұман, тұман, айналам, жаға қайда,
Көрінбейді көкжиек, шағала ай да.
Бағытынан айрылған бір кеменің,
Бүйірін түртіп, толқындар табалай ма?

Толық

Қарап көріңіз