Өлең, жыр, ақындар

Мен ешкімге сол адам деп сүйгенім

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 321
Мен ешкімге сол адам деп сүйгенім
Айтқан жоқ ем, бүгін бәрі жүр шулап.
Өзім жанып, өз отыма күйгемін,
Өз атыңа арнай алмай жыр шумақ...
Жұбатпайды бүкіл жыр мен бүкіл ән,
Жанарлардан жасқанып бір именем.
Қалай, қайтіп, қайда барып құтылам
Жан-жүректі шаққан сөзден, инеден.
Жылу іздеп айналадан жер, күннен,
Жаутаңдаймын күйін кешіп жетімнің.
Айрылып аз ақылымнан, еркімнен,
Бейуақытта тынышыңды кетірдім.
Күреседі махаббат пен жауыздық,
Жауыздықтың жазады кім жарасын?
Біздер жайлы айтып жүр «жұрт» аңыз ғып,
Айтқандай шын ғашықтардын, арасын.
Сөзімде ғой менің өмір сахнам,
Шерте алмаймын өткен жайдан естелік.
Ұйқылы-ояу мен өзіңді шақырам,
Шақырамын елесіңді ес көріп...
Жата алмаймын құс төсекте сан аунап,
Мен айтпаймын, ол жайында сұрама.
Сүйген кезде жанар жүрек алаулап,
Жанған жүрек көзге түспей тұра ма?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Белес-белес осынау, тауға айналған жал-құмдар

  • 0
  • 0

Белес-белес осынау, тауға айналған жал-құмдар,
Тасып келіп бір кезде, қатып қалған толқындар.
Еркелесең баладай арқа сүйер орнықты,
Даласына өзінің тартып туған халқым бар.

Толық

Сабыр қайда, япыр-ау, тыншу қайда

  • 0
  • 0

Сабыр қайда, япыр-ау, тыншу қайда,
Көңіл көгі ұқсайды мұңшыл айға.
Тірлігімнің келемін тілін таппай,
Бал сұрай ма, білмеймін, су сұрай ма?

Толық

Әудемжер

  • 0
  • 0

Кім сонда, осы әуенді қалықтатты,
Мәңгілік құлағымда қалып қапты.
Үстінен өмір көпір, өтіп жатқан –
Уақыт соны айтудан жалықпапты.

Толық

Қарап көріңіз