Өлең, жыр, ақындар

Жаулап алып, бар ақыл, бар сананы

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 258
Жаулап алып, бар ақыл, бар сананы,
Ағыстарға арманым қарсы ағады.
Толқып аққан уақыттың мінбесінен,
«Әділет» деп аярлық жар салады.
Ойларының орманын селдіретіп,
Менменсіген талайлар келді, кетіп.
Бұл өмірге бір өзі жаралғандай,
Үстемдіктің ақ туын желбіретіп.
Сезіктеніп, сондайдан сақтанамын,
Қайшылықтың отына қақтап арын.
Тұғырда бір тұрғандай көрінеді,
Ажыратып арасын ақ, қараның.
Шабыттансам, шертемін бабаға сыр,
Су бетінде сәулелер салады асыр.
Шындық күткен түнгі әлсіз жұлдыздардай
Жаудырайды қорғансыз бала ғасыр.
Ұшсам, дейді жаным құс, түрме тәнім,
Теңіз ойға бір шығып, бір батамын.
Аспаныңа арманшыл ғашық болып,
Келер ұрпақ, мен саған тіл қатамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған ауылға

  • 0
  • 0

Үрлей ескен жел ме мынау, самал ма,
Толқын өрген жасыл шалғын даламда.
Күніне мен жүз сүйемін ауылымды,
Көңілімнің құндағына алам да.

Толық

Рух

  • 0
  • 0

Өмірге өктем өкпелейтін кез өткен,
Соғады ұлып, отты дауыл өзектен.
Біртін-біртін ауыстырып орынын
Өтті бәрі... келеді ғасыр кезекпен...

Толық

Айта алмаймын

  • 0
  • 0

Айта алмаймын,
алғанымды сұрама,
Ұрпағыма не қалады мұраға.
Ойлап тұрсам, о, жаралы жер-ана.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар