Өлең, жыр, ақындар

Рух

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 336
Өмірге өктем өкпелейтін кез өткен,
Соғады ұлып, отты дауыл өзектен.
Біртін-біртін ауыстырып орынын
Өтті бәрі... келеді ғасыр кезекпен...
Шексіздікке шексіз уақыт шарқ ұрып,
Екі иығынан дем алғандай алқынып.
Жер астына тамыр тартқан ағаштың -
Сабақтары аспанға тұр тартылып...
Біздер солай, жоқтан бар боп келген ек,
“Таяқ тебен” темір етік-теңге боп,
Өткеніме куәгер боп жер мен күн
Бірін-бірі айналуда дөңгелеп.
Жарық дүние, бесік әні, заман-ай,
Көшпелі бұлт, көшеді іздеп, жаңа жай/
“Таңбалы тас” тарихымды баяндап,
“Аңырақай” аңырап тұр анадай...
Таулар қалғып, жатыр тауды жастанып,
Өксиді өзен, өз арнасын кеш танып.
Жасыл қанат бұлбұл көктем жырлайды,
Өмір берген тамырларын еске алып.
Сездім бәрін, енді кіріп есім бір,
“Доллар” қуған оқымайды досым жыр.
Қан арқылы бабалардың рухы -
Ұрпағынан ұрпағына көшіп жүр.
Баба ғасыр жүрекке жүк артады,
Тағдырымның қандай сыйы бар, тағы
Бір-бірімен сабақтасқан байланып,
Тамыр жерге, жапырақ көкке тартады...
Тамыры жоқ...
Қайтем “жатқа” қол артып,
Қарайды олар, көзін маған алартып.
Баласына ауысқан ер-бабамның -
Ұлы рухын алмайықшы жоғалтып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тіршілікте құшып ең сан қайыңды

  • 0
  • 0

Тіршілікте құшып ең сан қайыңды,
Жібіте алмай, тамшыға таңдайыңды.
Маңдайыңды сипаған алақаным,
Сипап тұр ғой, енді тас маңдайыңды...

Толық

Алатауға қарап...

  • 0
  • 0

Армысың! Бауыры ән-күй, ақ бас атам,
Шөгер ең өр төсіңнен атпаса таң.
Айналып сыр айтуға саған келдім,
Өзің боп өміріммен шектес Отан.

Толық

Ұмытпайды уақыт, ештеңені

  • 0
  • 0

Ұмытпайды уақыт, ештеңені,
Есімізде, ақынның есті өлеңі.
Сирек соғар жыл құсы бақыт деген,
Біреуге ерте, біреуге кеш келеді.

Толық

Қарап көріңіз