Өлең, жыр, ақындар

Ұмытпайды уақыт, ештеңені

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 364
Ұмытпайды уақыт, ештеңені,
Есімізде, ақынның есті өлеңі.
Сирек соғар жыл құсы бақыт деген,
Біреуге ерте, біреуге кеш келеді.
Даңқ, дақпырт жаулаған бар санасын,
Танытуға өзіңді жар саласың.
Тағдыр сенен нені алып, не берсе де,
Қарсылықсыз бәрін де қарсы аласың.
Қуанасың, күрсініп, ән саласың,
Байыптайсың, тамшымен, тамшы арасын.
Сырт айналып кетесің бәрінен де
Аңсауменен күтуден шаршағасың.
Төзіміңді уақыттар сынайды анық,
Таусыласың, бір жазып, мың ойланып.
Керек болмай қусаң да, кетпес сенен –
Бақыт құсы басыңнан шыр айналып.
Түске еніп арманың өңіңдегі,
Орындалар мақсатың өмірдегі.
Сирек соғар көңілдің әлдиіндей
Аймалайды көктемнің қоңыр желі.
Біреу өзін тау санап сестенеді,
Біреулерді біреулер ес көреді.
Ертелі-кеш түбінде есіне алар,
Ұмытпайды уақыт ештеңені.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таңғы күн

  • 0
  • 0

Айтар едім айқайлап тыңдаса мен,
Бүгін туған баламен құрдас әлем.
Таңғы аспаннан жарқырап күліп шыққан,
Алдыменен берейін күнге сәлем.

Толық

Шақырмаймын құшағымды жайып бір

  • 0
  • 0

Шақырмаймын құшағымды жайып бір,
«Дертің» болса, өзіңді одан айықтыр.
Қол созсақ та, менімен сен өте алмас
Арамызда уақыт деген Жайық тұр...

Толық

Қаса жүйріктің қайғысы

  • 0
  • 0

Жеткізбей әне қара бір,
Жерледі жаман, қорлық-ай.
Тұяғым сүйген дала-қыр,
Тістесіп жатыр көр құдай.

Толық

Қарап көріңіз