Өлең, жыр, ақындар

Таңғы күн

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 272
Айтар едім айқайлап тыңдаса мен,
Бүгін туған баламен құрдас әлем.
Таңғы аспаннан жарқырап күліп шыққан,
Алдыменен берейін күнге сәлем.
Бесік болып тербесін, тербесе әлем,
Өмірімді емдесін емдесе өлең.
Көкірегі кең болған бір ел анасы
Екінші рет берейін жерге сәлем.
Жерім менің жастығым, көп аңсаған,
Жер көнермес, көнерер көнерсе адам.
Арманыма асығып әр таң сайын,
Жолдаймын мен, туған ел, сәлем саған.
Таңғы күнге жүзімді жиі өптіріп,
Сезімімді тіліме тиек қылып,
Көктесем ғой шынардай, асқар шыңның
Көкірегіне басымды сүйеп тұрып.
Тіршіліктің таратып ән-күйлерін,
Кеш батқанда жұлдыздай қалғиды елім.
Таңғы күнмен әлемді сәби етіп,
Анасындай келеді әлдилегім.
Көкірегімде туласын, туласа өлең,
Жұлдыздармен болады сырлас әлем.
Аман-есен қуанып көргеніме,
Беру үшін асығып күнге сәлем!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көздерімде күні тұрды аспанның

  • 0
  • 0

Қалған мезгіл болар, бәлкім, таң атып,
Ажал мерген құлатыпты мені атып.
Қос жанары жабылмаған басымды
Таулар жаққа койған екен қаратып...

Толық

Нәресте күлкісі

  • 0
  • 0

Жүзінде ойнап жылу атты күн күші,
Алаңсыз бір, айтшы, дүние,
Күлдің бе ей?!
Нәрестенің мына тұңғыш күлкісі,

Толық

Бір күнімді бір күн келіп жалғайды

  • 0
  • 0

Бір күнімді бір күн келіп жалғайды,
Өтер уақыт, түсінерсің мән-жайды.
Жалғыз жұлдыз қанша жансын жарқыр
Түнгі аспанды жарық ете алмайды...

Толық

Қарап көріңіз