Өлең, жыр, ақындар

Уақыт деген қалып қалмай дүлділден

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 330
Уақыт деген қалып қалмай дүлділден,
Жүрегімнен жүрек соғып күн күлген.
Құлап қалсаң,
тоқтап тұра беретін,
Өмір жуас жабы емесін білдім, мен.
Кімді сүйдім, болды соның көбі ұмыт,
Жердің шеті қалғандай ма көрініп.
Шыңға шықпай,
қайтты өзіме дауысым,
Жартастағы тасқа барып соғылып.
Жер мазасыз,
қайда барып тынығам,
Суығандай бойымдағы жылы қан.
Бауырымдағы бөлтірікті қия алмай,
Қасқырдаймын тауға қарап ұлыған...
Уақытпен өлшенеді бар әнім,
Өз толқынын туғызады әр ағын.
Көк аспанға жету үшін дауысым,
Мен тереңге тамыр тартып барамын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құрбым!

  • 0
  • 0

Құрбым!
Керегі жоқ маған сый, қошеметтің,
Айтпашы, атыма сөз еселеп тым.
Үрлеген уақыттар бар болғаны,

Толық

Жоры мейлің, айлакер, мені қуға

  • 0
  • 0

Жоры мейлің, айлакер, мені қуға,
Көңіл шыны кеседей толы мұңға.
Сылтау іздеп оңаша сенделемін,
Өзіңді іздеп барып бір жолығуға...

Толық

Жоғалдың қайда таңғы айым

  • 0
  • 0

Жоғалдың қайда таңғы айым,
Тартты екен сені думан қай?
Жазуға толып маңдайым,
Тағдырым тасқа туғандай.

Толық

Қарап көріңіз