Өлең, жыр, ақындар

Білем, сенің алыста ғой арманың

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 230
Білем, сенің алыста ғой арманың,
Жетпес көңіл сарайыңа зарлы әнім.
Жүзтанысты жол үстіне қалдырып –
Ұмыта бер, ұмытшағым бәр-бәрін.
Жанарыңнан жамыраған сан шуақ,
Сезімімді шымшыласын, қамшылап.
Сағыныштың сары гүлін суғарсын,
Ғасыр жасы жүрегіңнен тамшылап...
Өткелдегі күйін кешіп ғаріптің,
Көптен бері көрмей сені зарықтым.
Ойда жоқта бір мен үшін жарқ еткен,
Жанарыңмен бірге кетер жарық күн.
Өзегімді тырналайды жел ұлып,
Өртенемін елесіңнен жеңіліп.
“Өтпелі өмір” көрген түстей бұлыңғыр –
Бұлдырасам, көз алдыңнан мені ұмыт.
Бірақ, бірақ бола алмайсың сен ұмыт...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алға қарай асығып сұңқар уақыт

  • 0
  • 0

Алға қарай асығып сұңқар уақыт,
Жыр саулатып барады, шырқауға тік.
Алтын шұғыла таратып қанаттары,
Жерді туып келеді күн толғатып.

Толық

Тамыр

  • 0
  • 0

«Тамыр» деймін, тамыры бар жыр атын,
Тоғыстырып арман үміт, мұратын,
Кіші-гірім ұқсап шулы вокзалға,
Мен туған үй жол үстінде тұратын...

Толық

Қарасазға барғанда

  • 0
  • 0

Сәлем жолдап, тұнық көк, таңға жарық,
Бота бұлттар, барады аунап, ағып.
Өзіңді іздеп, аруақты ақын аға,
Қайтып келдім, даладан тауға барып.

Толық

Қарап көріңіз