Өлең, жыр, ақындар

Балалық, сағынышты арман кезім

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 481
Балалық, сағынышты арман кезім,
Болмайтын есеп, қулық, жалған сезім.
Көп қарап күн өртеген көкжиекке
Анамның жолын күтіп талған көзім.
Сырым көп, естелік қып досқа айтатын,
(Көзіме келіп жиі жас қайтатын).
Бір құшақ арқасында жусаны бар
Жұмыстан менің анам кеш қайтатын.
Тірлікте көреріне көнеді адам,
Қарбалас, ауыл іші елең-алаң.
Өртенген қимастықпен батар күннің
Шомылып шұғыласына келеді анам.
Жүрегі ана жерге сыр ақтарып,
Қайтатын отты үміттен қуатты алып.
Анашым батқан қызғылт күн орнына
Күн болып шығатұғын шуақтанып.
Өткен күн, ұстатпайтын бір сағымсың,
Анамнан басқа мені кім сағынсын.
Келгенде қырдан үйге, жұтушы едім,
Сүт иісін, көкірегінен жусан исін.
Туған ел, мен өзіңді арқаланам,
Адам боп, адалдықтан арқау алам.
Көшкенде бұл дүниеден, о дүниеге
Азаппен, анам жусан арқалаған.
Жалғанған қос жүректің көпірі едім,
Жанымды жанарымнан оқыр елім.
Күн батқан көкжиекке көп қараймын
Өртеніп сағыныштан көкірегім.
Құс жолын мәңгіліктің тартады адам,
Даладан, арман қуып, әр қаладан.
Келеді көз алдыма қайран анам,
Тағдырын жусан етіп арқалаған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір арман

  • 0
  • 0

Асулардан қаншама аман өттім,
Уақыт өзі бергендей маған екпін.
Көктемімді тойлауға шақырып бар
Достарымды келеді қонақ еткім.

Толық

Жедел жәрдем

  • 0
  • 0

Жарық шашқан маңдайында алау бар,
Айқайлайды түн ұйқысын қашырып.
Жол беріңдер, жол беріңдер адамдар,
Жедел жәрдем келе жатыр асығып.

Толық

Арман күйі

  • 0
  • 0

Шертші тағы бір жанып, бір өшейін,
Сезімімді жеңе алмай күресейін.
Арман айлап - боздаған күй соңынан –
Бала ботаң болып мен ілесейін...

Толық

Қарап көріңіз