Өлең, жыр, ақындар

Түні бойы қорқынышты түс көрем

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 214
Түні бойы қорқынышты түс көрем,
Өксіп жылап қиналамын тістенем.
Ұмытуға тырысамын оянсам,
Күндіз күткен күйбеңі көп іспенен.
Сүйетұғын көктем күйін, құс үнін,
Сезімі бар сырттай «момын» кісімін.
Асау жүрек жүрісінен жаңылып,
Көтеріліп кете ме, қан қысымым?
Сырт көздерге жоқ сияқты түк мұңым,
(Қиналғаннан болар, түнде шықты үнім).
Таң алдында күміс табақ толған ай,
Тереземе тұрады емізіп сүт нұрын...
Бәрін әлі, ұмыттырар бар таңым,
Әр таңыма үмітімді артамын.
Жатар кезде тыныш таныс төсекке
Тартысқа кеп түсетіндей қорқамын...
Үзік-үзік ленталардай түс көрем,
Тағдырға бұл қинайтындай не істеп ем?
Ойда жоқта орнықтырып кетер кім,
Жүрегімді орынына түспеген?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аспанменен, жерменен, теңізбенен

  • 0
  • 0

Аспанменен, жерменен, теңізбенен,
Өмір сүрер өзіңді егіз деп ем.
Егізімді шарқ ұрып іздемесем,
Ешбір жан жоқ мені ойлап, мені іздеген!

Толық

Дала кезіп, қолыма бір шам алдым

  • 0
  • 0

Дала кезіп, қолыма бір шам алдым,
Шың төбеге, айналғандай тас, құмға.
Үрейленем... сүйектері бабамның,
Жатыр ма деп, аяғымның астында...

Толық

Тіршіліктің сияқтанып жүрегі

  • 0
  • 0

Тіршіліктің сияқтанып жүрегі,
Күн нұрымен жүз құбылып реңі.
Күзгі желмен ұшпай, жерге ілініп,
Жалғыз жапырақ тал басында тұр еді.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер