Өлең, жыр, ақындар

Бір шөл бар, ауада мен жұтқан

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 256
Бір шөл бар, ауада мен жұтқан,
Сергімей жүруім сондықтан.
Ән жұту орнына, шаң жұтып,
Сайрамай тұрады қалғып тал.
Бір шөл бар, аспан мен жерде де,
Салып көр, санаға, зердеге.
Көзінің жасын әйелдің
Шөлдеумен өтеді ер неге?...
Шөлдеумен көгінде күн самғар,
(Сәулеге дүние сусаңдар)
Ғасырлас ғашыққа басылмас,
Кеудемде кететін бір шөл бар.
Білмеймін, талматүс кезім бе,
Тізгінді берген от сезімге,
Жаутаңдай қараған жарыққа
Бір шөл бар гүлдердің көзінде...
Аспанды алардай жұтып қыр,
Ұйысқан бұлттарын түтіп бір.
Ақ жаңбыр соңынан тағы да,
Тағыда шексіз шөл күтіп тұр.
Тек кетпес, көңілге келген ой,
Қаңсыған аңсайды көл, көмей.
Айнала шөлдеген өмірден
Өтейін мен қалай, шөлдемей?
Күн шөлдеп, ұяға батпаған,
Дерт қой бұл, дауасын таппаған.
Мен білсем, қанбайтын мәңгілік
Бір шөл бар, дүниені аптаған.
Кім жанды, білмеймін кім сөнді,
Шөлдеумен қанша гүл семді.
Дамылсыз нөсерлер жауса да,
Басады-ау демеймін бұл шөлді.
Өртеген өзекті бір шөл бар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Суретің сенің қолымда жоқ

  • 0
  • 0

Суретің сенің қолымда жоқ,
Күндіз-түні қарар едім ерінбей.
Суретің сенің жанымдағы от,
Сырт көздерге жанады тек көрінбей!..

Толық

Ойнайтұығын сахнасында уақыттың

  • 0
  • 0

Ойнайтұығын сахнасында уақыттың,
Әкімдікті ұлы әртістей көрем мен.
«Басымызға туады деп бақыт күн»,
Қол соғатын халық сенгіш көрермен.

Толық

Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп

  • 0
  • 0

Сүйеп тұрдым, маңдайымды еркелеп,
Таңғы шықтай көңілменен шын сенген.
Сүйе тұрып, сүймес ем ғой ертерек,
Опасыз жан екеніңді білсем мен.

Толық

Қарап көріңіз