Өлең, жыр, ақындар

Әттең, Наурыз, көже кетті асында!

Жаңа Жыл да келіп жетті қазаққа,
Әз-Наурызым айналғандай мазаққа.
Дүркіретіп от-шашумен тойлаған,
Жаңа Жылдың орны бөлек қазаққа,

Ата-бабам тойламаған мереке,
Бүгін шаттық, бізге берер береке.
Ақша қар мен Аяз ата күтуде
Бала орнына Наурыз - бізде келеке.

Әр көшені сылап, сипап ақтаған,
Наурыз қайда, ата-бабам мақтаған?
Бүгін оны алмастырып үлгерді,
Орыстардың Жаңа Жылы ақтаған!

Тарих сырын өзгерту де кеш емес,
Бірақ, оған халқым менің қам жемес.
Наурызымды басып кеткен Жаңа Жыл,
Бәйгедегі шаптырмайтын Шаңтимес.

Әттең, Наурыз көші кетті тоқтамай,
Халқым отыр Наурызымды жоқтамай.
Қара болып тарихымды өзгертті,
Қара жұртым кінәлама, оқтамай?!

Бұлбұл құс-ау қолдан ұшты қасымда,
Мұң басқандай сезім түрлі басымда.
Жаңа Жылға әзірленген халқымның,
Әттең, Наурыз, көже кетті асында!



Пікірлер (3)

Сындар

Бұл Сəкен Иманосовтың өлеңме

Акмерей

Оте кушти олен. Маган унады

Акмерей

Маган унады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз