Өлең, жыр, ақындар

Жетісу толқыны

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 352
(ТОЛҒАУ)
Жетісу, туған жерім, Иранбағым,
Бойына ұлылықтың жиған бәрін.
Дүниеде сенен асыл, Сенен артық,
«Сұлу жер бар» - десе мен иланбадым.
Өзіңде туып, түлеп, өскен екем,
Өлеңдей... өлкем менің «кестеге» тең.
Қаншама ақындар мен батырлардың –
Кіндігін толқындарың кескен екен?
Болса екен, елім тыныш, досым аман,
Алматым алмасымен асыраған.
Ілені жарып өткен Райымбектей,
Шу десе, Бауыржанды есіме алам.
Қаратал, Талғар десе алаңдаймын,
Қосылмай бұл бәйгеге қала алмаймын.
Лепсі ән шығарса Мұқанға ұқсап,
Алакөл отаны екен Қабанбайдың!
Әлемге «сұңқар көпір» тарта білген,
Жетісу! Бірге айналар қан-тамырмен.
Аспан, жер «барлығы да менікі» - деп,
Қарап тұр, Мұқағали Хан – Тәңірден!...
О, қанша тойды көрдім, жарыс көрдім,
Жетісу бастауы екен бар істердің.
Анадан болып туған айға ғашық,
Жері бұл, Талғаттайын Ғарышкердің!
Ой-қырға Жетісудай шапқылаймын,
Шапқылап, басыма Күн, бақ құраймын.
Айтысқан Тезек емес, заманымен –
Көксуым «көкбөрісі» Бақтыбайдың!
Ентелеп, шапқан сайын, құйындаймын,
Балқаштан басқа көлге құйылмаймын.
Жамбылдың бастап жортқан жыр-керуенін,
Жетісу «жолбарысы» Сүйінбайдың!
Көзімді мен өмірге күліп аштым,
Таңырқап, сұлулыққа ұйымас кім?
Суретін Жетісудың суреттеген,
«Ақсуда ізі жатыр Ілиястың!...»
Жетісу желісіндей әр аңыздың,
Жолдары үзілмеген арамыздың.
Ақсудың ағысынан көргендеймін,
Айналы домбырасын Сара қыздың!
Кеудемді жаншып кейде «тобықтай» мұң,
«Қорқыттай» көрден қашып, қорықпаймын».
Неге мен, жалғыз қалып күңіренем,
Қоңыраулы қобызындай Молықбайдың!...
Дос табам, адамзаттан туыс табам,
Сәбидей күн сәулесін уыстаған.
Осынау «жер жанаты», «Жерұйыққа» -
Тамсанып Асанқайғы тыныстаған!...
Аумайды Алатаудың алқасынан,
Аунайды, ай бетінің «картасынан».
Тәңірден алған менің сыйлығым сол,
Қанымда Жетісуым бар тасыған....
Өзіңсіз, өмірім жоқ, жеке менің,
Қаз тұрдым, қияға сан жетеледің.
Үйсе де басыма алтын, басқа жерден –
Еңбектеп Жетісуға жетер едім...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алатауға қарап...

  • 0
  • 0

Армысың! Бауыры ән-күй, ақ бас атам,
Шөгер ең өр төсіңнен атпаса таң.
Айналып сыр айтуға саған келдім,
Өзің боп өміріммен шектес Отан.

Толық

Сая іздеп кетті шалғай құрбы қаңғып

  • 0
  • 0

Сая іздеп кетті шалғай құрбы қаңғып,
Кім қалды, әнді сүйіп, сырды ұғарлық?
Төсінде қырдың бір гүл, қатарымен,
Көктемде көзін ашпай тұрды қалғып.

Толық

Кешегі таң, кешегі күн, бәрі-бәрі кешегі

  • 0
  • 0

Кешегі таң, кешегі күн, бәрі-бәрі кешегі,
Кешке жетпей жіңішкеріп, жанған үміт өшеді.
Түні бойы дауыл ұрған теңіздегі толқындай
Сықырлайды тыншу таппай сағыныштың төсегі...

Толық

Қарап көріңіз