Өлең, жыр, ақындар

Сая іздеп кетті шалғай құрбы қаңғып

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 280
Сая іздеп кетті шалғай құрбы қаңғып,
Кім қалды, әнді сүйіп, сырды ұғарлық?
Төсінде қырдың бір гүл, қатарымен,
Көктемде көзін ашпай тұрды қалғып.
Шарпиды жүректерді жырым жалын,
Өрілген өмір деген бұрымды ағын.
Қызықтап көбелек, ара көркін, исін,
Гүлдердің сорды аузынан шырын балын.
Өмірді ғажайып күн жолы ұқтырды,
Түсімді қиял берер жорып, түрлі.
Ашылған ауызына күзгі гүлдің,
Көбелек қонбай, қар қонып тоңып тұрды...
Көктемнің жаңбыр нұры жуындырып,
Кім оны аялайды, жылындырып?
Оятып кеудемнен бір аянышты,
Солды гүл, жел қамшылап, суық ұрып.
Айналып көбелекке арман, үміт,
Қоштасты... кірпігіне маржан іліп.
Періште жер ананың перзентіндей,
Қалды гүл айдалада қар жамылып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Табанымда топырақтың жүрегі

  • 0
  • 0

Табанымда топырақтың жүрегі,
Жанарымда жапырақтың жүрегі.
Туған жердің кеудесінде дүрсілдеп,
Менімен бірге өмір сүреді.

Толық

Қуанамын көгімде аман тұрса күн

  • 0
  • 0

Қуанамын көгімде аман тұрса күн,
Көзін ашқан еске түсіп гүл шағым.
Құрсағымнан шыққан балам кешегі
Кезіп жүр кең дүниенің құрсағын.

Толық

Аспанменен, жерменен, теңізбенен

  • 0
  • 0

Аспанменен, жерменен, теңізбенен,
Өмір сүрер өзіңді егіз деп ем.
Егізімді шарқ ұрып іздемесем,
Ешбір жан жоқ мені ойлап, мені іздеген!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар