Өлең, жыр, ақындар

Сайра, сайра, сайрашы, сандуғашым

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 504
Сайра, сайра, сайрашы, сандуғашым,
Дауысыңа қосылып таң жырласын.
Жаймашуақ болмаса, бағың жайлы,
Табылмайды... артпашы тағдырға сын.
Қашан қонып, талыңа ән саласың,
Ашық күнді жаныңа аңсағасың.
Күміс үннен күн бойы өріп сәуле,
Қанша беріп, бағыңа қанша аласың?
Қамықпашы, ауысып басқа өлеңге,
Сандауғашым көзіңнен жас көрем бе?
Сезіміңсіз, төгілген өз үніңсіз,
Айналардай дүние тас кереңге...
Не тілейсің, тілегің орындалсын,
Сенің мұңың, тамшыдай өмірге аусын.
Қақпақыл ғып ойнасын, қағып алып,
Мені жерге түсірмей сенің дауысың.
Көңіліме көңіл жоқ, қайдан алам,
Бір жылылық іздеймін айналадан.
Менің жетім жаутаңкөз жүрегімді
Сенің сырлы дауысың аймалаған.
Көктеміме жетеле, еліктірші,
Жүрегіме ұя сап, еніп кірші.
Кезектесіп жырлайық мұңымызды,
Мұңдасыңды ұмытпай келіп тұршы.
Ақ әлемді әніңмен еміп тұршы.
Сандуғашым сайрашы, әні шамдай,
Сырлы үніңмен тірлігің әлі шалғай.
Жарық күннің өтерміз, шаттық-мұңын,
Шырқап, жырлап екеуміз тауыса алмай...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңеулерден, бір теңеу туындайды

  • 0
  • 0

Теңеулерден, бір теңеу туындайды,
Әжем талға тарысын қуырмайды.
Жапырақтар, жел соқса дауыл ұрған –
Толқынындай теңіздің шуылдайды...

Толық

Аспан құмар жаным құс, түрме тәнім

  • 0
  • 0

Аспан құмар жаным құс, түрме тәнім,
Тәнге көнбей, биікке тіл қатамын.
Сеземін мен, еңкейіп көкжиеке,
Шыққан күннің алаулап бір батарын.

Толық

Менің даусым

  • 0
  • 0

Жаңбырын, ақ шуағын құйып кеуде,
Жыр бағын сыйға тартсам сүйікті елге.
Сол бақтан үнім тарап кеңістікке,
Дауысым жетсе менің биіктерге!

Толық

Қарап көріңіз