Өлең, жыр, ақындар

Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 234
Сәл нәрседен әсер ап, елең еттім,
Өміріме алғандай бөлек екпін.
Қараңғыда жақындап жарығыңа,
Қанаттарын күйдірген көбелекпін.
Сыбдырынан сыр бағып жапырақтың,
Табиғаттың мінезін бақылаппын.
Айға ғашық болғандай қол жетпейтін,
Саған ғашық болған бір ақымақпын.
Сескенбеймін, өсектен, мазақтан мың,
Ақ сәулесін сіміріп ғажап таңның.
Күнге ғашық болған бір жер анадай,
Саған ғашық болып мен азаптандым.
Тұтқын болдым, тілекке, қамалып көп,
Топырақтан бір жан алып жаралып па ек?
Жетім бұлбұл жүректі шырылдатпай,
Қайда барсаң, сол жерге мені алып кет.
Оқымассың, жыр жазсам атыңа әлі,
Бұл өмірдің мен бе екем, ақымағы?
Арыстандай асық боп айға атылған,
Жүрек тулап кеудемнен атылады.
Бар жасауын жатқандай жайып дала,
Көкжиекке күн батты байып ғана.
Қол жетпесін білсем де, мен өзіңе,
Айым, ғашық боп қалдым, айыптама.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бола алмайсың ештеңеге енді алаң

  • 0
  • 0

Бола алмайсың ештеңеге енді алаң,
Алаң болған ел де аман, мен де аман.
Өмірде бір кездеспейтін «пәктік» деп
Қорғап, аяап қараушы едің сен маған.

Толық

Бақыт

  • 0
  • 0

Бақыт, бақыт, білмеймін мен не екенін,
Білмесем де толқып-толқып кетемін.
Жинамаймын оңай жолмен дүние,
Болмас дейсің дайын асқа кім ие.

Толық

Өлеңсіз өтер көп күндер

  • 0
  • 0

Өлеңсіз өтер көп күндер,
Салқындап, саспай, самарқау.
Достарым, қайда кеттіңдер,
Білмедім, күйім сол аңқау.

Толық

Қарап көріңіз