Өлең, жыр, ақындар

Ойға батып... батпадың тек, күнәға

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 243
Ойға батып... батпадың тек, күнәға,
Көк аспандай көңілде кек тұра ма?
Адамдағы мейірім жер бетінен –
Бірге көшіп өзіңмен кетті ме, аға?
Егіз емен... сырласқан егіз бақыт,
Көкірегіңді ауыртты көп із батып.
«Кеңсайды» бір келтіріп тәубасына,
Тау басына қалғандай теңіз қатып.
Айта алмаймын, бейнеңді бейнелеп мен,
Тағдырым не бұйырар, сөйлеп өктем.
Мөлдір теңіз, толқыған сол бір теңіз,
Жаңбыр болып жауады кейде көктен.
Тұрып қаппын... «жартастай» жағадағы,
Толқын қуып толқынды ағады әлі.
Жылылықпен маңдайын теңіз сүйген
Шағалалар қанатын қағады әні,
Тазалықты аңсаумен ағадағы...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Туған жерден шыққан жолдай таралып

  • 0
  • 0

Туған жерден шыққан жолдай таралып,
Оңаша ойдан отырамын нәр алып.
Маған анам “доп домалақ болып сен –
Кіндігіңе тудың, - дейтін оралып”...

Толық

Қысылғанда, кейде жолым болмай бір

  • 0
  • 0

Қысылғанда, кейде жолым болмай бір,
Көкірегімде шырылдайды торғай жыр.
Әр уақытта демеп, жебеп балаңды,
Ата-бабам аруағы қорғай жүр.

Толық

Күзгі сыр

  • 0
  • 0

Көңіл тұман...
арасына ай батқан,
Тірі жан жоқ. Тіл қататын аймақтан.
Тереземе құлап түсті қураған,

Толық

Қарап көріңіз