Өлең, жыр, ақындар

Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 285
Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім,
Күйген ерін... біртүрлі күйге енемін.
Сыртыңнан ғашық болып, кездескенде,
Көзіңе қарай алмай, именемін.
Үзбеймін, үмітімді үзбе десең,
Көктем боп қарсы аламын күзде келсең.
Соңыңнан шырақ алып іздемеймін,
Астыңа тұлпар мініп іздемесең.
Өтінем, име маған өр басыңды,
Торғайың салмақ қалай торға шыңды?
Оңаша өзіңді ойлап өртенемін,
Балқытып кеудемдегі қорғасынды...
Жанымды жанарыңмен билеп едің,
Жалынға көбелектей күйген едім.
Сезімді дір-дір еткен сездіруге,
Бата алмай, қысыламын, именемін.
Оятса, шырт ұйқыдан шымшып кінәм,
Жел сүйген ақ қайыңдай сыңсып тұрам.
Десе де, «ғашық болу қылмыс емес»,
Кеудеме жүректі үнсіз тұншықтырам.
Жел сүйген ақ қайыңдай сыңсып тұрам...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тамшылар

  • 0
  • 0

Ақталып қашанғы арман, қашанғы үміт,
Көзіне сұлу қыздың жас алдырып.
Жығылмай көкке шаншып секіргенде,
Асауды үйретер тек асау жігіт.

Толық

Қайда барып, қайдан мен жай табармын

  • 0
  • 0

Қайда барып, қайдан мен жай табармын,
Қайырмасы болдың сен айтар әннің.
Алабұртқан көңілмен, адасып көп,
Қазығыңа қағылған қайта оралдым.

Толық

Қоғадай жүрген иіліп

  • 0
  • 0

Қоғадай жүрген иіліп,
Шалқайып қапты бір кісім,
Жолдарым жатыр түйіліп,
Қомданып, ұшпай жыр құсым.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар