Өлең, жыр, ақындар

Ана туралы баллада

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 960
(Халық аңызы бойынша)

Ана жүрек айналса ұлы тұлғаға,
Ана ішінде болар кейде түрлі ана.
Екі абысын тату өмір сүріпті,
Ортасында болған екен бір бала...
Қос шаңырақ қуанышқа кенеліп,
Көкірегін қос ананың тел еміп.
Өсе берді, өсе берлі нәресте
Күн шуақты мейірімге бөленіп.
Қос шаңырақ, базары мен думанын,
(Бұзатұғын білмеді алда күн барын)
Төрт жыл өтті, білмей өсе беріпті
Сол бір бала қайсы әйелден туғанын.
Өсті бала екеуін де шешем деп,
Ойламаған басқаша өмір кешем деп.
Ойда жоқта жатты бір үй жиналып,
Отағасы басқа жаққа көшем деп...
Батылданып берер бұған кім баға,
Менің балам деп айта алмай тұрды ана.
Екі әйелге кезек-кезек жүгіріп –
Ортасында шырылдайды бұл бала.
Жұрттың көзі қарап қапты мұңдана,
Шынында да қайсысы екен туған, ә?
Арбасады, екі жүрек таласып,
«Менікі» деп, «менікі» деп бұл бала!
Таласқа бұл үндей алмай тұрыпты ел,
Таразыға түсіп шындық күдікпен.
Даусымызды шешіп бер деп екі әйел
Биге барып жүгініпті үмітпен.
Шын анасын түрінен кім таниды,
Менменшіл ой жүйкелерді жаниды.
Бір-бірінен жұлқылайды қызғанып,
Сен емессің мен туғам, - деп, - сәбиді...
Ешкімнен де сұрамастан кешірім,
Біліп алып жас баланың есімін.
Екі әйелдің тыңдап болып таласын,
Айлалы би шығарыпты өз шешімін.
Бір төбеге жұрт таңырқап жиылды,
Биден әділ сөз естуге түйінді.
«Таластырмай бір баланы екіге –
Бөліп бер» - деп жендеттерге бұйырды!...
Биден кейін іле шала сөз алып,
(Әйел шықты озбыр көзді, өзі арық).
Бөлсе бөлсін, деп баланы бүлк етпей
Жұрт алдында тұрып алды сазарып...
Танымаса танымасын анам деп,
Жүрсе болды жер бетінде аман боп, -
Деп бір әйел, ара түсті шырылдап,
«Бұл баланы бөлмей бүтін сен ал» деп.
Тайталасып тұрған үміт, күдікпен,
Теңселгендей болды сол сәт тұнық көл.
Шырылдаған сорлы ананың даусынан
Сол баланы кім туғанын біліпті ел.
Күн нұрындай мейірім бар өңінде,
Анаң жалғыз болады екен өмірде.
Ол баласын қиса-дағы өзгеге
Ол баласын қимайды екен өлімге...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Уақыт үні

  • 0
  • 0

Қозғалыс! Қозғалыс қой, уақыт деген,
Уақытпен үндескен бақытты өлең.
Өткел бермес өмірдің бір кісідей,
Ащысы мен тәттісін татып келем.

Толық

Елегізу

  • 0
  • 0

Тереземде «мені үз» деп гүл тұр әні,
Тартынады, бір сезім ұмтылады.
Жолы болмай, күйген көп, әлдекімнен
Беті қайтқан жүрегім бұлқынады...

Толық

Өлеңсіз өтер көп күндер

  • 0
  • 0

Өлеңсіз өтер көп күндер,
Салқындап, саспай, самарқау.
Достарым, қайда кеттіңдер,
Білмедім, күйім сол аңқау.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар