Өлең, жыр, ақындар

Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 327
Бәрі бәрі белгілі ғой, белгілі,
Енді біліп отырсың ба, Сен мұны?
Көз ашқаннан жоқтық көрген баланың -
Шырқыраған шығар шықпас енді үні.
Қорған бұзып... қолға қонар қандай бақ,
Қанат жайып келеді аппақ таң жайлап.
Көк аспанға терезеден қарайды, ол -
Жүрек жалғар, бір жапырақ нанды ойлап.
“Тағдырды ” осы... тойған біреу шеше ме,
Дейді, көрсе, “пешене” ғой, “пешене”.
Қалай өлең жазады ақын көз сатып -
Азып-тозып жүрсе арулар көшеде?..
Қаңтарылып қалды қиял, желқайық,
Адамдардың ақ жүзінен әр тайып.
Жарық дүние жасарудың орнына,
Қауіптенем, бара ма деп қартайып?...
Біреу олай, біреу былай, белгілі,
Құпия емес, есептеулі “кеңдігі”.
Ертелі-кеш егеп, жаншып жүйкені -
Жүрегімді ауыртады “ел” мұңы.
Ұқсайды өмір, тастан құйған мүсінге,
Бір тамшы су тегін бермес, ішуге.
Қолдан-қолға Домалайды сырғанап,
Ала Дүние, ала дорба ішінде...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білем, сенің алыста ғой арманың

  • 0
  • 0

Білем, сенің алыста ғой арманың,
Жетпес көңіл сарайыңа зарлы әнім.
Жүзтанысты жол үстіне қалдырып –
Ұмыта бер, ұмытшағым бәр-бәрін.

Толық

Туған ел

  • 0
  • 0

Көз алдыңда биігім мен еңісім,
Өз алдыңда көкжиегім кеңісін.
Мақтанышың болмасам да, туған ел,
Өмір сүріп жүргендеймін сен үшін.

Толық

Айтар ойым

  • 0
  • 0

Айтар ойым,
жазар жырым – өткендерді
қайталау,
Өткендерді ұят бізге көре тұрып, байқамау.

Толық

Қарап көріңіз