Өлең, жыр, ақындар

Әупілдек

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 268
Қайранмын албырт қиял сол күнге мен,
Қияқтай тұлымшағы желкілдеген.
Мені алар «құбыжықтай» қорқушы едім,
Дауыстан таң атқанша әупілдеген.
Кешкі күн көкжиекке зорға батқан,
Ақсудың толқынына зер жалатқан.
Дауысы әупілдектің талып қана,
Естіліп тұратұғын жарқабақтан.
Ол қай құс, көрінбейтін кісіге анық,
Кеш түссе қызғаныштан іші жанып.
Бойына жатқандай ма, сіңіре алмай,
Ақсудың толқындарын ішіп алып.
Қайранмын сол жылдарға бала күнім,
Өз ойым өз тыншымды алатұғын.
«Әуіп», – деп биік жарды орынынан,
Аударып тастайтындай болатұғын.
Бір сәлем туған жерге жолдау үшін,
Көп болды мұңды сырға толғалы ішім.
Қайталап жарқабаққа соғатындай,
Бұл көңіл әупілдектің сол дауысын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бақытты бола алмаспын қарызға алып

  • 0
  • 0

Бақытты бола алмаспын қарызға алып,
(Бала едім, келе жатқан қауыз жарып)
«Кем болар не жазығым бар еді» деп,
Жылағам жұлдыздарға арызданып.

Толық

Күйген қолын ұсынбас енді бақыт

  • 0
  • 0

Күйген қолын ұсынбас енді бақыт,
Жылап қалдың, басқаны сен жылатып.
Қара көзің қараңғы, түпсіз құдық,
Сол құдыққа қанша жан өлді батып?..

Толық

Уақыттың өте берсін ай, аптасы

  • 0
  • 0

Уақыттың өте берсін ай, аптасы,
Өмірдің біз емеспіз аяқ, басы.
Алаңсыз күлімсіреп шалықтаған,
Сәбиді ұйқыдағы оятпашы.

Толық

Қарап көріңіз