Өлең, жыр, ақындар

Желпіп бір жазық белдің ақ сағымын

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 331
Желпіп бір жазық белдің ақ сағымын,
Бұлақ боп сылдыр қағып ақса жырым.
Елеусіз қалдырмастан есіңе алшы,
Өзіңсіз ұйқым шала, жоқ сабырым.
Алаңсыз ер кеудеңмен мен егіз ем,
Қалайша үмітімді сенен үзем.
Беймезгіл өзің келе жатқандай боп,
Көп қарап көк белеске елегізем...
Сырымды қалай айтпай, шектеймін мен,
Бар сырды тұра алмаймын төкпей жырмен.
Көргенде көптің бірі боласың да,
Көрмесем арманымсың жетпей жүрген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеке шумақтар

  • 0
  • 0

Көзінен көкте бұлт жас парлатып,
Шаншылды бір қою бұлт асқарға тік.
Бет тосып қарсы алдынан тас бұлақтың,
Кеткендей қойынына аспан батып...

Толық

Аспан тұман, жер дымқыл

  • 0
  • 0

Аспан тұман, жер дымқыл,
Шығар екен күн қашан.
Кеудемдегі көл күлкім,
Тартылыпты, тыңдасам.

Толық

Табанымда топырақтың жүрегі

  • 0
  • 0

Табанымда топырақтың жүрегі,
Жанарымда жапырақтың жүрегі.
Туған жердің кеудесінде дүрсілдеп,
Менімен бірге өмір сүреді.

Толық

Қарап көріңіз