Өлең, жыр, ақындар

Көктем, көктем, кеудеме орап мол шабыт

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 345
Көктем, көктем, кеудеме орап мол шабыт,
Суретіңді көз алдыма келші алып.
Жан бағына құстарыңмен шулап кел,
Қарсы алайын қайталанбас ән салып.
Бұлақ болып шың басынан құлап кел,
Жағадағы ойнап бала құрақпен.
Сағым болсаң көшіп жүрген қыратпен,
Қуайын мен қиял деген құр атпен.
Қызғалдақ боп келші бояп жер төсін,
Қыз жүрегін от махаббат өртесін.
Бірінші рет бұла таңмен бусанып,
Ақ бұлтыңды аймаласын ерке шың.
Жігіт болып қиялдағы күліп кел,
Қарсы алайын балауса көк үмітпен.
Ақ шабақ боп толқындармен ойнаған,
Көкірегімде жатса егер тұнып көл.
Көктем, көктем, өлең болып кел, төгіл,
Өмір болып құралайын ен-тегін.
Нөсеріңді дәл төбемнен төкші бір,
Нөпір күймен кеудемді өзің өртедің.
Қызғалдағың қырда тұңғыш жанғанда,
Тіл қатайын, шыңға биік, арманға.
Кел тезірек сұлулықтың өзі боп,
Сан сәулеңді сүйгіз сонау бар маңға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкті де емдім, көзіммен тасты да емдім

  • 0
  • 0

Көкті де емдім, көзіммен тасты да емдім,
Тамшысындай көз жасым, ащы көлдің.
Оқ-дәрімен уланған жер анадай,
Күйін кешем, дәрменсіз “маскүнемнің”,

Толық

Басқа ем кеше, болдым бүгін басқа адам

  • 0
  • 0

Басқа ем кеше, болдым бүгін басқа адам,
Алдым тұман, жүрейін десем жасқанам.
Қалай, қайда қозғаларын біле алмай,
Қыл үстінде теңселеді мас қоғам.

Толық

Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай

  • 0
  • 0

Ұнат мейлің, қара маған ұнатпай,
Ұстатпай жүр уақыт сусып сынаптай.
Құлар жерде саған деген бір сезім
Сүйеп келді мені жерге құлатпай...

Толық

Қарап көріңіз