Өлең, жыр, ақындар

Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 427
Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк,
Ақ бас толқын әлденеге өкпелеп.
Жартас бетін шапалақтап ұрады,
Көкірегін ашулы бір кек бөлеп.
Бір өзінен басқа тірлік бекердей,
Дегендей ол, осы арадан кет, өлмей.
Ысқырады айбарланып көк дауыл,
Толқын аузы асап бәрін кетердей...
Теңіз жолы соқпақсыз өр шатқалдар,
Арман тауы толқын болып атқанда әр.
Аңсап тұрар асау асқар қиынын,
Қанаттарын теңіз баулып қаққандар!
Теңіз де көк, сезім де көк, көк те көк,
Бір тіршілік арасынан көктемек.
Ей, бауырым, бірақ келіп көрдің бе,
Тағдыр атты теңізбенен бетпе-бет!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түспей жүр сол бір бейне көптен еске

  • 0
  • 0

Түспей жүр сол бір бейне көптен еске,
Шықпаппын көптен бері көк белеске.
Қалтылдап шыққан қыстан мынау ағаш,
Беймәлім, көктер ме, әлде, көктемес пе?

Толық

Ақсу

  • 0
  • 0

Ақсуым, ауасы бал, нұрлы таңды,
Өзіңді өтер ме едім жыр ғып мәңгі.
Ойласам, түнетемін орманы емес,
Әкеліп көз алдыма бір бұтаңды.

Толық

O, неткен әдемі сөз әйел деген

  • 0
  • 0

O, неткен әдемі сөз әйел деген,
Секілді ақын жазған аяулы өлең.
Жылынып нәзік сезім жылуына,
Қалғымай жол үстінде ояу келем.

Толық

Қарап көріңіз