Өлең, жыр, ақындар

Жүріп-жүріп болдырып

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 317
Жүріп-жүріп болдырып,
Шабытқа боп шала бай.
Жылап-жылап алды бұлт,
Таяқ жеген баладай.
Құйғандай-ақ шелекпен,
Өтті көктен сел төгіп.
Жер үстінде жел әттең,
Кетер еді төңкеріп.
Өрт жайлап бір бұлт ішін,
Егілді емен қартамыс.
Талай күнгі күлкісін,
Ұрлап дүлей арпалыс.
Басқа түспей таудай сын,
Өткермей көзден күнді ауыр.
Дауылды жырлай алмайсың,
Жаныңда соқпай бір дауыл!
Өшіріп үрей шаласын,
Қарасаң қарсы сыр ұғып.
Кеткен бе деп қаласың,
Жер мен көкті бірігіп.
Болмаса боран осылай,
Сарқылмаса сабырың.
Өтер ең білмей, досым-ай,
Тыныштықтың қадірін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кетті деме, ойын ойлап баланың

  • 0
  • 0

Кетті деме, ойын ойлап баланың,
Бала көңіл, болар кейде нала мұң.
Аяғыңды шағып алар байқатпай
Жылан жоқ. тас деп көшесінде

Толық

Болады бір жеңілісім, жеңісім

  • 0
  • 0

Болады бір жеңілісім, жеңісім,
Өлең құсым араласын ел ішін.
«Қандай сыйлық алдың?» - деп сен сұрама,
Жарық күннен артық сый жоқ, мен үшін.

Толық

Айналды ма бір кезгі сағымға арман

  • 0
  • 0

Айналды ма бір кезгі сағымға арман,
Күрсінесің жастықты сағынғаннан.
Қатыгезді көрмедім уақыттай
Бойыңнан күш, жүректен жалынды алған.

Толық

Қарап көріңіз