Өлең, жыр, ақындар

Өзгеру керек

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2360
Үлкеннің сыйлап сақалын,
Кішінің сыйлап атағын,
Өмірім өтіп барады,
Жетпіске жасты тақадым.
Ынжық қып кеткен алғырды,
Зулады жылдар сан қырлы...
Келеңсіз сол бір кезеңдер
Біздерде ізін қалдырды.
Елесті нағыз бақ көріп,
Барлығын бойға шақ дедік.
Өтірік өрге басты ғой,
Тастайтын жерде қақ бөліп.
Ойымыз қанша көрікті,
Тұншығып, іште өліпті.
«Екі асап» жүрген ептінің
«Бәйгеден» аты келіпті.
Тізбелеп қайтем барлығын,
(Есінде болар арлының).
Біреулер бетте қалқыса,
Көтерді біреу нар жүгін.
Берілмей дay мен дамайға,
Ашайық өріс жаңа ойға.
Өмірмен бірге, замандас,
Өзгеру керек қалай да!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таба нан

  • 0
  • 0

Қойғандай қызыл-жасыл нұрга малып,
Көрінер қызғалдақтар қырдағы анық.
Шығысты таң шырайы зерлегенде,
Ешкітау шыға келер тұлғаланып.

Толық

Осылай боп қалады

  • 0
  • 0

Қызды өсіріп, ер жеткізіп баланы,
Өмір шіркін заулап өтіп барады.
Бізге дейін дәл осылай болды ғой,
Бізден кейін осылай боп қалады.

Толық

Текті болсаң

  • 0
  • 0

Көп адамдар мақсат тұтып биікті,
Осы жолда тоқыпты да, күйіпті.
Барын салып, жанын салып жүргенмен,
Ел-жұртына болмас бәрі сүйікті.

Толық

Қарап көріңіз