Өлең, жыр, ақындар

Арнайы әскери мектебінде бірге өскен достарыма "Спецтерге"

Уақыт өтіп барады, күндер зулап
Кімдер кетер өмірден, кімдер жылап
Калар оның артынан амалсыз боп
Жаткан жерін топырагын сипап-сылап
Әй бауырлар,- өмірде сыйлас болгын
Іздеп бәрің біріңді сырлас болғың
Кетіп калып біріміз бәрімізден,
Толтыра алмай жүрмелік оның орнын.
Бәрі біздің бауырың, біріміздің
Бәрімізді сыйлайық тірімізде?
Ертең, және одан соң кеш боп қалар
Тірімізде бірге өмір сүріңіздер!
Достарым, бауырларым спецтерім
Сен кімсің деп сұраса спец!-дер ем
Бала жастан отын- шоғын ерте бастың
Ащы өмірден шықты ғой "спец" терің!)
Өздеріңмен ортамда мақтанамын
Шоқ жулдызы мен үшін сән саланың
Ал офицер бейбіт өмір кепілі сен!
Ақ самайлы қартпенен жас баланың!
Достарым бар сендердей, мәртебем бар
Сендер барда өмірге мән, нақ сенім бар
Сендер менің арқа суйер бауырларым
Жулдыз болып төбемде тек жаныңдар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз