Өлең, жыр, ақындар

Асар мөлтек ауданына арнау

Жаңалықты қарап оттым кешкілік,
Елде болып жатыр деді көш ұлық.
Асар деген салыныпты бір аудан,
Қандастарды сонда жатыр көшіріп.

Отыр еді анам-әкем қасымда,
Көріп шіркін көзін бұлғап жас қыла.
Бірін бірі құшақтады қуанып
Жетеміз деп туған жердің басына.

Он жыл тұрдық, дамыдық та өрледік,
Бұл Асардан еш жамандық көрмедік.
Керісінше гүлдендіріп Асарды
Ең керемет асыл мекен құт дедік.

Білім алдық, өзімізді дамыттық,
Асар үшін әр уақытта қамықтық.
Болашағын бірге құрып алдағы,
Осы он жылда бар аймаққа таныттық

Гүлдендіріп шуақ шашып талайды,
Туған жерді жүрек шіркін қалайды.
Өз Отанын аңсап жүрген қандастар,
Махаббат пен Отан сөзін жалғайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз