Өлең, жыр, ақындар

Таңнан тарту

Көңілімде іңкəр сезім орныққан,
Өлең жырды жақсы көрем сондықтан.
Күндер күліп, сəттілігін сыйласа
Жолдарыңда жақсы жандар жолыққан.

Барлық істің берекесін көремін,
Сенем досқа, дұшпанға да сенемін.
Бейбіт елдің құшағында еркелеп,
Жəннəт жерде несібемді теремін.

Бағалауға байланысты, бар жақсың
Шірік күдік - таза күнмен алмассын
Өкінішті - өткен уақыт арқалап,
Жарқын оймен бұл өмірің жалғассын.

Бұйыртпаса қалауыңды, налыма
Басқа нəсіп жазылған ғой бағыңа.
Жүрегіңді тазалап жат əр түні
ТАҢНАН ТАРТУ АЛУ ҮШІН ТАҒЫ ДА.

Алтынай Алиева. #жүректегіжазбалар



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үлгеру...

  • 0
  • 0

Талпынамыз жақсы өмірді сүруге,
Барлық жанның бабын тауып, жүруге.
Үй мен жұмыс, кездесу мен кептеліс,
Жылап жүріп, үлгереміз күлуге.

Толық

Өлеңім

  • 0
  • 0

Артымда қалсын өлеңім.
Өнерім, досым, сенерім.
Төзгенім аздық ете ме...
Алдымда шығар көрерім.

Толық

Сосын

  • 0
  • 0

Сосын, айтармын...
Сосын, барармын...
Сосын, сыйлармын сол гүліңді.
Сосын, емделем...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар