Өлең, жыр, ақындар

Құмдағы қызғалдақ

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 895
(Фаризаға)

Жаралмаған қайғы мен мұң ішуге,
Қызғалдақсың,
Ашылған құм ішінде.
Тербетіліп қысы-жазы тұрасың сен,
Тағдырдан қалап алған жыр үшін де!
Қызғалдақсың, сен де бір құмда көшкен,
Сусып жатқан құм сырын тыңдап өскен.
Құм-толқында тербелген қызғалдағын
Шығармайды ешқашан жандар естен.
Мен өсіп ем,
Тәңірдің шыңдарында.
Ақ бұлттай шөгіп қалған мұң жанымда...
Жүрсе дағы ел-жұртың еркелетіп,
Көлеңке жатыр нәзік жырларыңда.
Түсінем, жаның неден үркек бүгін,
Жыл озды,
Жастығыңның бүркеп түнін...
Жыл озғанмен, жаныңның бүркеп түнін,
Тұрған жоқ па жарасып,
Жыр шоқтығың!?.
Тарқатылып дауылға бұрымдарың,
Өмірдің соқпағымен ұрынбалы —
Кетіп бара жатасың теңді теңдеп,
Нар секілді,
Нарынның құмындағы.

Алматы.
18 желтоқсан 1994 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арқама сүйей түсіп талқы тауын

  • 0
  • 0

Әбілез Жүніске
Көрмеген пендеге ұқсап сағы сынып,
Дүние-ай!
Отыр жігіт ағытылып

Толық

Досқа тілек

  • 0
  • 0

Досым бар,
Жоқ ешкімнің таласы да,
Көңілінің жоқ бүкпесі,
Аласы да.

Толық

Жалын

  • 0
  • 0

Кетесің күнде ертемен,
Келесің ұдай кештетіп.
Жалыныңнан өртенем,
Жанарыңнан ес кетіп.

Толық

Қарап көріңіз