Өлең, жыр, ақындар

Мен өмірді сүйемін, сені сүйем

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2765
Мен өмірді сүйемін, сені сүйем,
(Сүйе білген адамның өрісі кең),
Мағыналы мына өмір жеңісімен.
Дидарынан көктемнің көз алмаймын
Аппақ бауыр қарлығаш келісімен.
Көктем демі дегенім – сенің демің,
Жұпар жаңбыр жауғаны – төгілгенім.
Жүрегімнің жаңбыры құйылғанда,
Елітумен жатады елім менің.
Мен дауысыма аламын бұлақ қосып,
Жатқан кезде дүние құлақ тосып.
Шөлейттерге себемін шөлдеп жатқан
Алақанмен мұхитты бір-ақ көсіп.
Даңғазалы тірлігім ұрып аспап,
Бірі тастап барады, бірі бастап.
Сен ешкімді көрмейсің мен тұрғанда,
Өмірі асқақ, мұңы асқақ, ғұмыры асқақ.
Ауыстырып алғанда жыл дерегін,
Күлімдеумен келеді іргеме күн.
Қамығуды білмеген қайран уақыт,
Қадірімді сен менің біл дер едім.
Ақ шағала жазады ақ қанатын,
Қалғып тұрған келеді қақпама түн.
Жапалақтап ақша қар, жел ұйтқыды,
Мен ұмытып қалғанда Ақпан атын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңбыр нұр құйды

  • 0
  • 0

Жаңбыр нұр құйды,
Жүрек жыр құйды.
Маңдай тұсымда
Сәуле сырғиды.

Толық

Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн

  • 0
  • 0

Көкпар тартса, тарқатылар бұрау үн,
Лақ иесі айта алмайды сұрауын.
Ылғи мені шақырады қонаққа
Бие ұстаған, қымыз ішкен бір ауыл.

Толық

Мағыналы өмірдің бағамында

  • 0
  • 0

Мағыналы өмірдің бағамында,
Қаңтар еріп барады табанымда.
Қайран жүрек көзінің жасын жұтты,
Жарық шалқып, көшенің бағанында.

Толық

Қарап көріңіз