Өлең, жыр, ақындар

Тәңірінен бармақтай бақ сұраған

  • 13.01.2022
  • 0
  • 0
  • 394
Тәңірінен бармақтай бақ сұраған,
Қайда барсаң – жылап жүрген бір адам.
Жаңбыр жұтып, мұзды ерітіп, қар басып,
Қырық жамау жүректерін құраған.
Жапырақ іздеп жабырқады жылы күз,
Жалғыздықтан жапа шекті Ұлыңыз.
Төзіп-төзіп тебінгіде терледі
Шытырлаған Төзім атты шыныңыз.
Терін текке төгіп жүрген құлдармыз,
Мағынасыз өтіп кеткен жылдармыз.
Арқасына қайыс қамшы көп төнген
Сынақтардан сағы сынды сындарлы із.
Біз құлдармыз. Қоғам бізді құл қылған,
Кісенім бар, шылдырайды сылдырмам.
Табандардың жаншылады астында
Менің ерен еңбектерім тындырған.
Тоқып келдік бітпейтұғын өрмекті,
Өмір деген өрнектермен көрнекті.
Өрнек өріп шықса деп ек өрмектен,
Ерен ісім ебін таппай кер кетті.
Қозғалмаймыз бір нүктеде әдемі,
Тірі жанға жылжу ғана тән еді.
Бізге қолын үнсіз ғана созады
Қозғалыс пен қимылдардың әлемі.
Қол бұлғайды арамызда шыны есік,
Ар жағында құлпырады гүл өсіп.
Зымыран жыл заулап өтіп барады
Жел суырып, табанынан құм есіп.
Барлығына тәуелді боп тұрғанбыз,
Күннен қорқып, көзімізді жұмғанбыз.
Көлеңкеге мойнымызды бұрғанбыз,
Біз құлдармыз, біз құлдармыз, құлдармыз.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкешім, келдің бе деп қарай бергем

  • 0
  • 0

Көкешім, келдің бе деп қарай бергем,
Көктемім көлкігенде арай белден.
Самал жел сауын айтты бар ғаламға,
Дабысы естілді де талай жерден.

Толық

Келдің бе тағы, әз наурыз

  • 0
  • 0

Келдің бе тағы, әз наурыз,
Жаныма менің нұр жағып.
Жүректің терең түбінде
Жылтырап бір от тұр жанып.

Толық

Шаңқай түс

  • 0
  • 0

О, ғажап, жарқын дала, жарқын дала,
Ұлылық – ұмтылыс бар парқыңда да.
Тірлікке кештеу келіп қалғаннан соң,
Көремін ұлы көштің артын ғана.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар